ӨМІР ЖӘНЕ МАХАББАТ "БЕС ДӘРІ"

– Басына үлкен тауқымет түскеніне қарамастан, қол-аяғы шынжырға байлаулы болса да, денсаулығың сол баяғыша жақсы, көңілің де орнында сияқты. Өзіңді қалай сақтай алдың?
– Мәртебелім, менің 5 дәрім бар – соларды ішіп жүрмін. Падишах қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін деген әмірін көмекшілері орындамағаны үшін қатты ашуланады. Уәзірге: – Қайда ол дәрілер? Көрсет маған! – дейді. Сонда уәзір былай дейді: Бірінші дәрім – Тәуекел! Яғни, Аллаһқа иман етіп, істерімді Оған тастадым. Екінші дәрім – Тағдырға ризашылық. Жазмыштан озмыш жоқ – Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шағынданбаймын. Үшінші дәрім – Сабыр. Төртінші дәрім – Қанағат. Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін. Бесінші дәрім- Үміт. Қайткен күнде де бір күні бұл зындандан шығатыныма үміттімін деген екен..