ТОМАТ СОУСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ДƏМДІ БАКЛАЖАН
Қажетті заттар:
- 5 кг қызанақ
- 3 кг баклажан
- 2 кг болгар бұрышы
- 1 кг пияз
- 3 бас сарымсақ
- 2-3 шт ашты бұрыш
- сұйық май
- тұз
- қант
- лавр жапырақтары
1. Қызанақ шырының дайындаймыз: қызанақты тазалап, еттартқыштан өткізіп, қайнатамыз. Сосын суытып, дəнектерінен арылу үшін ситодан өткіземіз. Қызанақ шырыны дайын.
2. Баклажанды қалыңдығы 1-1,5 см қылып домалақтап кесіп, 2-3 сағатқа тұзды суға салып қоямыз.
3. Қазанға аз-аздап сұйық май құйып, судан сығылып алынған баклажандарды аз-аз порциямен қуырып аламыз.
4. Басқа кастрюльге дайын болған қызанақ шырының құйып, қайнатамыз да, үстіне майда туралған ашты жəне болгар бұрыштары мен пиязды қосып, 15 минуттай қайнатып, қант қосып, тұздап, оның үстіне лавр жапырағы мен майда туралған сарымсақты қосамыз. Тағы да 10 минуттай қайнатамыз. Қызанақ соусы дайын.
5. Сосын стерилді банкілерді аламыз да, арасына қайнап тұрған соустан құйып тұрып, қуырылған баклажандарды салып, жылдам жауып, толықтай суығанға дейін қалың нәрсемен орап қоямыз.
Баклажан салаты дайын.
Пікір 2