Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » «БӨЛТІРІК БӨРІК АСТЫНДА» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

«БӨЛТІРІК БӨРІК АСТЫНДА» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ


Ауданның 90 жылдық мерейтойына орай халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» атты атақты спектаклі сахналанды.
Аудандық мәдениет үйінде өткен қойылымды тамашалаушылардың қарасы қалың болды.
Қ.Мұхамеджановтың шығармашылығын насихаттауды мақсат тұтқан шара жоғары деңгейде өтті.
Театр актерлері мол тәжірибелері арқылы қоғамдағы білімсіздік, мансапқорлық, ұлттық әдет-ғұрып, ана тілінен безіну сияқты келеңсіздіктерді ащы күлкімен жеткізді.
Талғамы жоғары көрермендер қойылымда басты рөлдерді сомдаған актерлердің шеберліктеріне тәнті болды.
Жалпы, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары аталған қойылыммен бірнеше рет облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Бұл өнер мен мәдениет саласына бағытталып жатқан ауқымды қолдаулардың жемісі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
10 тамыз 2018 ж. 2 080 0