Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАУІП – АЯҚ КИІМДЕ

ҚАУІП – АЯҚ КИІМДЕ

Сараптама
Аяқ киім аламын деп базарға кіре қалсақ, қытайлық бәтеңкелерден көз ашылмайды. Сапасы сын көтермейтін бұл аяқ киімдер  денсаулыққа да аса зиян. Тіпті адам өміріне де қауіпті. Мысалы, аяғыңыз жиі ылғал бола ма? Ендеше бұл оқылықтың астарына үңілейік. Аяқ киімнің ұлтарағын ашып қарасаңыз, тиксон деп аталатын кардон қағазды көресіз. Бұл материал суды өз бойына сіңіріп, денсаулыққа орасан зор зиян тигізеді. Осының салдарынан тұтынған адамның бедеуге айналуы ғажап емес. Мамандар сапасыз аяқ киімнің салдарынан адам 12 түрлі кеселге душар болуы мүмкін екенін айтады. Жасанды теріден тігілген аяқ киім буын, аллергиялық ауруларға шалдықтырумен қатар, қатерлі ісік ауруларының асқынуына да себеп. Сарапшылардың зерттеу қорытындысы осыны дәлелдеп отыр. Сонымен қатар еліміздегі бүлдіршіндердің 75 пайызы жалпақ табан дертіне шалдығыпты. Әскери борышын өтеуге жарамсыз жастардың басым бөлігі де майтабан ауруымен ауырады. Мұның себебі, аяқ киімдердің анатомиялық параметрлері сәйкес келмейді.
Сапалы аяқ киім таза былғарыдан жасалу керек. Талапқа сай болғандықтан да, олардың бағасын кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ең сапалы өнім саналатын, нағыз итальяндық сапа ─ «Baldinini», «Nando Muzi», «Loriblu», «Marino Fabiani» кәсіпорындарының аяқ киімдерін ауқаттылар ғана алмаса, жалпы жұртқа қолжетімді баға емес. Орта дәулеттілердің бәрі бірдей  40-70 мың теңгеге бағаланатын аяқ киімдерді ала бермейді. 5-15 мың теңге тұратын етіктерді қанағат тұтады. Әрине, 20-30 мың теңгеге аяқ киім сатып алғандарына мәз болатындар да бар. Денсаулықты ойлап, күтінуге осылайша әлеуметтік жағдай қолбайлау болады. Сосын халықтың басым бөлігі, амал жоқ, мүмкіндігіне қарай базарлардағы 300-500 теңгенің сүйретпелерін, 1500-4000 мың теңгенің жазғы аяқ киімдерін, 5-15 мыңға бағаланған етіктерді алуға мәжбүр. Көпшілік бір маусымда алмастырып киюге қос-қостап аяқ киім алмайтыны рас. Сол бір киім жұмысқа да, қонаққа да, базарға да, басқаға да киіледі. Әрине, онсыз да сапасыз аяқ киімдер мұндай «тірлікке» төтеп бермейді. Бір маусым түгілі, бір айға жетпей киюге жарамсыз болып жатады. Тым сапасыз аяқ киімдерді жөндеуге етікшілер де ықыласты емес. Себебі, екі күннен соң-ақ киюге келмей қалатынын біледі. Ілекерге келтіріп, әйтеуір жөндей салуға клиент жоғалтып алудан қорқады. Тағы бір айта кетер жайт, жөндеудің құны сол аяқ киімнің жарты бағасымен бірдей. Ескіні жөндеткенше, тағы біреуін сатып алғанды жөн санап, базарға тура тартамыз.
Егер отандық аяқ киім өндірісін дамытуға күш салынса, онда, ең алдымен, ел тұрғындарының денсаулығын сақтап қалуға айтарлықтай ықпал етер еді. Аты жеңіл болғанмен, өндірістің бұл түрінің жағдайы мәз емес. Кезінде дүрілдеп тұрған аяқ киім шығаратын «Жетісу», киім тігетін «1 май» фабрикалары (Алматы) жоқ. Шымкенттегі «Восход», Ақтөбенің, Қызылорданың аяқ киім фабрикалары да әлдеқашан жабылған. Мысалы, Жаңақорған ауданында қарапайым ғана қазақтың жігіттері аяқ киім цехын ашқан. Цехты көріп, Қытай асып келген арзанқол аяқ киімдер  жарамсыз болып қалады деп қуанғанбыз. Бірақ  Оразай Қалымбетовтың орамды ісін шырмауық басты. Өндірген өнімі сұранысқа ие болмай, кәсібінен нәсіп таппады. Сонымен аяқ киім шығарған Оразай қайда кетті? Әлеуметтік желі мен туған жерден жоғалған Оразайды телефон арқылы таптық. Аяқ киім кәсібінен кетіп, мал шарушашылығына бет бұрған Қалымбетов Түркістанға қоныстанған. Ескі іске оралу ойда жоқ па деген сауалымызға Оразай:
 – Екі-үш мекемемен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер келісім жақсы аяқталса, қайта қауышамын. Қазір нарықта Қытай тауары арзан болғандықтан, сұранысқа ие. Сол себепті біздің тауар елеусіз қалды. Бір жағынан менеджмент жұмысын бір жолға қоя алмадық.
– Маман ретінде  Қытай аяқ киімінің сапасы жөнінде не айтасыз?
 – "Орыс білгенін, Қытай көргенін істейді" демекші, қытайлық аяқ киім сапасы жақсы деуге келмейді. Маман ретінде білетінім, тиксон материалы яғни, кардоннан келер қауіп көп. Соның салдары бедеуге әкеледі. Ойлап қарасақ, бұл  Қытай елінің сайқал саясаты болуы мүмкін.   Сонымен қатар жасанды теріден тігілген аяқ киім сыз өткізіп, аяққа суық тигізеді. Білуімше, аяқ киім әдемі көріну үшін тігушілер терінің астына поролон салады екен. Бұл материал ауа өткізбейтін болғандықтан, аяқ терлейді. Аяқ киімдердің табаны резеңкеден жасалатыны белгілі. Салқын ауа, тер, резеңке салдарынан адам ауруға шалдығады. Сапасыз аяқ киімнің кесірінен адамның жұмысқа қабілеті, өмір сүру белсенділігі төмендейді.
 Қазір елімізде тері өңдеу саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 5-еуі ғана аяқ киім өндірісінде екен. Олардың өнімдері еркін саудаға шығарыла бермейді. Негізінен, арнайы тапсырмалармен ғана жұмыс істейді. Яғни олар қорғаныс саласының қызметкерлері, әскерилер және басқа да күштік құрылымдардағы мамандарға арнап аяқ киім тігеді. Жалпы, аяқ киім нарығында біздің өнімдердің үлесі – 3,5 пайыз.

Отандық тауарлар өндірісін жандандыру қажет. Мамандардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіптің бағын ашу үш мәселеге байланысты: баға, салық, кеден қызметі. Теріні бояйтын бояулардан бастап, аяқ киімді жөндейтін материалдарға дейін шетелден тасымалданады. 2001 жылы қосымша құн салығына нөлдік бәс тағайындалғаннан кейін аяқ киім өндірісі күрт өскені соншалық, жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемдегі алдыңғы қатардағы елдердің қатарында тұрған Қытайдың өзі біздің жеңіл өнеркәсіптің болашағы зор екенін мойындап қалған еді. Дегенмен, 2002 жылы жеңілдік алынып тасталған соң аталған сала бәз-баяғы таз қалпына келді. Отандық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіппен айналысқаннан гөрі шикізат өндіруді тиімді санауына салықтың артуы себеп болып отыр.Мәліметтерге сүйенсек, Қытайдың әлемдік аяқ киім шығару саласындағы үлесі 60 пайызға дейін жеткен. Дүние жүзінде шығарылатын 10 миллиард жұп аяқ киімнің 6 милиардын Қытай өндіреді екен. Ал қазақстандықтар тұтынатын киімдердің 45-48 пайызы, аяқ киімдердің 75 пайызы — Қытай тауарлары. Аяқ киімдердің 10 пайызын ─ Ресей, 14 пайызын ─ Түркия, Италия, Германия, Нидерландия және басқа елдер импорттайды екен.
Қазақстанға Қытайдың сапасыз, арзан тауарлары Кеңес Одағы ыдырап, отандық өндіріс аяғынан тұралап қалған кезде келе бастады. Сол зиянды аяқ киімдерді киіп ержеткен жастарымыздың көбі қазір әскер жасында. Өкініштісі, әскери борышын өтейтін жастарымыздың көпшілігі майтабан ауруына шалдығып, әскерге жарамсыз болып жатыр. Олардың саны жыл санап артып келеді. Қысық көз көршінің не ойлағанын кім білсін?..
https://aqmeshit-zhastary.kz/

12 тамыз 2018 ж. 1 121 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 02:41
Where Can I Buy Stendra Avana Virginia viagra Est Priligy Generique Safe Cialis Im Flugzeug

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 03:49
Want To Order Prednisone Buy Cheap Cialis Discount Online Levitra Generika cialis for sale Zithromax Buy No Prescription