ЫРЫС-НЕСІБЕСІН ЖЕРДЕН ТЕРГЕН БЕРЕКЕЛІ ӨҢІР
Мен Қармақшы ауданында туып-өскеніммен өмір жолым, жеткен жетістігім, шыққан биігім осы ауданмен тығыз байланысты. 1972 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Шаған ауылына келіп, алғашқы ораққа қатыстым. Содан бері осы саладамын. Биыл бұйыртса 47-ші орақ маусымына қатысқалы отырмын. Демек, өмірімнің тең жартысы осы аудан атымен тығыз байланысты.
Елдің басына қандай қиындық түссе де «көппен көрген ұлы той» дейтін дана халқымыз кешегі тәуелсіздік алып, өз алдына мемлекет бола бастағанда көп қиындықты еңсерді. Ол қиындық шалғайда жатқан осы Сырдарияны да шарпыды. Дегенмен, ел халқының ауызбірлігінің, білікті басшылардың ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында етек-жеңін жинап, халық бірлігіне сызат түсірмеді. Шаруасын бір ізге түсіріп, алдағы күнге сеніммен қарады.
Қазір ауданда шешімін таппаған күрделі мәселе жоқ. Әсіресе, алыс ауылдар өркениет көшіне ілесіп, жолы жөнделіп, көшесі жарықтандырылып, абаттанып жатыр. Оны күнделікті ақпарат құралдарынан көріп, біліп отырмыз.
Дария бойын жағалай қоныс тепкен Сырдария ырыздық-несібесін жерден терген, шаруаға бейім еңбеккеш халық тұратын берекелі өңір. Өзімнің осы жерде еңбектің алғашқы нанының дәмін татқанымды ешқашан ұмытпаймын. Ауыл шаруашлығы саласына алғаш келгенімде ағалық ақыл-кеңесін аямаған Ширек аға Сқақов сынды еңбек майталмандары берген тәрбиемен өстім, өндім, нәтижелі еңбектің жемісін тердім.
Тоқсан жылдық белесті бағындырған жерлестеріме баянды бақыт, толағай табыс тілеймін. Сырдария ауданы көркейе берсін.
Алдаберген ҚҰЛБАЕВ,
«Бақ», «Қызылдихан»
шаруа қожалығының төрағасы