Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ – ТАЛАНТТАРДЫҢ ӨЛКЕСІ

СЫРДАРИЯ – ТАЛАНТТАРДЫҢ ӨЛКЕСІ


Іргетасы сонау 1928 жылы қаланған Сырдария ауданы таланттардың өлкесі.
Осынау киелі топырақтан талай елге танымал тұлғалар шықты.
Атап айтқанда, қырғи тілді Асқар Тоқмағанбетов, белгілі драматург Қалтай Мұхамеджанов, көрнекті ақындар Әбірәш Жәмішев, Қуаныш Баймағанбетов, елде кино өнерінің негізін қалаған Сұлтан Қожықов, театр падишасы Сәбира Майқанова – исі қазақтың мақтаныштары.
Биыл ауданның 90 жылдық мерейтойы Қалтай Мұхамеджановтың және Әбіраш Жәмішевтің 90 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.
Ал, театр тарланы Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойы Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен республикалық деңгейде тойланды. Сыр елінің мақтанышы Сұлтан Қожықовтың да қазақ өнеріне сіңірген еңбегі кең көлемде насихатталуда.
01 тамыз 2018 ж. 1 337 0