Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайталанбас дара тұлға

Қайталанбас дара тұлға


Иә, қазақ драматургиясында есімі ерекше аталатын Қалтай Мұхамеджанов – қайталанбас дара тұлға. Қазақ елі «Қал-аға» деп танитын сатира саңлағы өнердің биік шыңын бағындырып, көркем бейнелер арқылы жұртты күлдірді, жылатты, сол ар­қылы қоғам келбетін, елдің мұң-мұқтажын жеткізе білді. Драматургияға комедия жанрымен келген дарынды суреткер қайталанбас туындыларды сахналап, әде­биет тарихында оның есімі алтын әріптермен жазылып, артында мол мұра қалдырды.
Талай таланттар шыққан Сырдария топырағында Қ.Мұхамеджанов та туып, өсті. Ол 1928 жылдың 24 желтоқсанында Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Жастық шағы аласапыран, қуғын-сүргін кезеңімен тұстас келіп, оның зардабын тартты. Бала шақтан әдебиетке, өнерге бейім болып, болашағын осы салалармен байланыстырады. Ол Қызылордадағы педагогикалық инс­ти­тутта білім алып, кейіннен Таш­кенттің театр және көркемөнер институтына ауысып, оқу орнын 1953 жылы бітіріп шығады. Содан бастап драматургия саласының дамуына өзіндік стилімен үлес қоса бастады. Өзіндік стилі дейтініміз, туындылары күлкімен өріліп, сол ар­қылы қоғамның келеңсіз тұстары әшкереленеді. Кө­рерменді күлді­ре отырып, соның астарындағы зіл­ді жеткізеді. Міне, бұл белгілі дра­матургтың қоғамға ой салу тұрғы­сындағы өзіндік қыры, стилі.
Халық жазушысы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мә­де­ниет ми­нистр­лігінде, Мемлекеттік кино ко­ми­те­тінде қызмет жасаған. Сон­дай-ақ, Қазақстан Жазушылар Ода­ғының, Кинематографистер Ода­ғы­ның екін­ші, бі­рін­ші хатшысы, 1988-1998 жылдары республикалық «Ара­-Шмель» журналында, халықаралық «За­ман-Қазақстан», халықаралық «Түр­­кістан» газетінің бас редакто­ры, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұл­дыз» журналында бөлім мең­ге­­­ру­шісі қызметін абыроймен ат­­­қарған. Осы қызметтерде жү­ріп шы­­­­­ғармашылығын арттырып, кө­рерменге көркем туындыларды ұсынды. Мәселен, Сырдарияның тумасы шығармашылық жолын М.Горькийдің «Тоғышарлар», С.Ай­нидің «Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын ау­да­рудан бастайды.
1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік ака­демиялық драма театрында Қ.Мұхамеджановтың «Бөл­­тірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туын­дысының тұсаукесері өткен. Мұнда алдау, арбау мәселесін көтеріп, соны кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы арқы­лы жеткізеді. Одан кейін драматургтың елге бел­гілі «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Өзіме де сол керек» секілді айтулы туындылары сахналанып, көрермен көзайымына айналды. Қал аға бұл шығармаларында адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды мысқылдап, келемеж қылды. Оның драмалық туындыларының ішінде қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасы ерекше орын алады. Онда бесіктен күмәнмен өскен ұрпақтың күдікке толы күйбің тірлігі суреттелген.
Жалпы, Қалтай Мұхамеджанов «Шың­дағы шынар», «Айман–Шолпан» киносценарийлерінің авторы. Со­­нымен бірге, қаламгер А.Қаһардың «Ауру тіс­терін», Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана», «Арманым, Әселім» пьесаларын, «Ақ кеме» повесі жә­не Шығыс классикасының «Мың бір түн» ертегісін (1-4-томдарын) қа­зақшалады. Соның негізінде, «Жа­­­­­зушы» баспасынан халық жа­зу­­шысының 2 және 3 томдық таң­дамалы шығармалары жарық көр­ген.
Өзінің саналы ғұмырын әдебиет пен өнерге арнап, тұғыры биік туындыларды дүниеге әкелген дарын иесі 1992 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» атанса, «Құрмет Белгісі», «Халықтар Достығы», «Парасат» орденімен және бірқатар мем­ле­кеттік жоғары марапаттармен ма­ра­патталған.

Е.БЕРКІНБАЕВ

07 тамыз 2018 ж. 1 303 2

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 05:40
Discount Worldwide Levaquin Real Internet Online Price Viagra Vente Qubec cialis for sale Viagra Plus Alcohol Priligy Authentic

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 09:31
Cialis Precio Farmacia Del Ahorro Best Prices On Cialis 5 Mg Amoxicillin Genital Herpes alli pills amazon Viagra Pfizer Es