Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ДӘУІРМЕН ҮНДЕС ДРАМАТУРГИЯ

ДӘУІРМЕН ҮНДЕС ДРАМАТУРГИЯ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада белгілі  жазушы-драма­тург, аудармашы, сыншы, қоғам  қайраткері, Сыр перзенті Қалтай Мұхамеджановтың  90  жылдығына  арналған  «Сөз зергері, сын мергені»  атты   әдеби  кеш ұйымдастырылды.
Қ.Мұхамеджановтың  әр кезеңнің тарихи шындығын тап басып, қоғам­дық мүддені биік деңгейде көтере білген көркем туындылары – қазіргі  қазақ  драматургиясы  мен театрындағы  бірегей құбылыстар  санатынан  орын  алатыны сөзсіз. Мұның  өзі  оның  қазақтың  сахна  өнерінің, мәдениетінің  төріндегі орнын  айқын  көрсетеді.  
Кеште жазушының сан-салалы шығармашылығына, қоғамдық-әлеу­меттік  тақырыптарға  жазған  мақалалары  мен  сыни  пікірлеріне, шынайы  көзқарасы  мен  азаматтық  позициясына  шолу  жасалды. Студенттер  драматург-жазушының  пьесаларынан  қойылымдар  көрсетті.
Мәдени  шараға  Қорқыт ата  атындағы  Қызылорда мемлекеттік  универ­ситеттің профессоры, Қ.Мұхамеджанов кітапханасының ғылыми кеңесшісі Қ.Құдайбергенов, ардагер журналист Қ.Мырзахметов,  Қ.Мұхамеджановтың   туысқан  інісі  С.Мұхамеджанов  қатысып, шығармашылық иесінің сан-салалы өмір жолынан қызықты естеліктер айтты.
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттері Қ.Мұхамеджановтың драмаларынан үзінділер қойса, М.Мәметова  атындағы    Қызылорда педагогикалық  жоғары колледжінің, көпсалалы «Ұлағат» колледжінің студенттері, «Жауһазын-ғұмыр» клубының  мүшелері тағылымы мол тамаша кештен әдемі әсер алғанын айтады.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
06 мамыр 2018 ж. 1 288 0