МЕН ПАТРИОТПЫН
Біз Қазақстан елінің ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Сондықтан, біздің туған елге деген, Отанға деген, кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз зор. Бүгінгі күн біз үшін өміріміздің мәні, қайрат-жігеріміздің, қабілетіміздің бастауы. Әр таңдағы әрбір игілікті іс пен сенімді болашаққа қадам - бізге күш-қуат береді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында №130 Абай орта мектебінің 2 – 4 сыныптар арасында ән-әуез және бейнелеу пәндері мұғалімдері Жұмабай Әмина мен Ұзақбаева Нұргүлдің ұйымдастыруымен «Мен патриотпын» тақырыбында апталық болып өтті.
Оқушылардың қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсат оқушылар ән – әуез бен бейнелеуді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай , өмірмен байланысты екеніндігін түсіндіру болып табылады. Апталық үш бөлімнен тұрды І күн -«Менің Республикам» сурет байқауы. ІІ күн «Бастауышым – балбұлағым, лаулап жанған шамшырағым» әндер мен билер сайысы, ІІІ күн – «Тапқыр болсаң, тауып көр» сұрақ –жауаптар сайысы. ҮІ күні апталық жұмысы қорытындыланды. Апталық барысында бейнелеу өнері мен көркем еңбек, ән-әуез сабақтарында белсенділік танытқан Шакизада Нұржігіт, Мөлдір Мұханбетжанова, Ақерке, Аманкелдіқызы, Камшат Рахманберді, Инабат Есентұрова, Құралай Абатова, Сырым Сарыбайұлы, Сезім Сарыбайқызы, Жанкелді Байділда, Мұстафа Ерланұлылар марпатталды.
Ел болашағы баянды болмағы білімді жас ұрпаққа байланысты. Ендеше жастар терең білімді бойымызға сіңіру арқылы еліміздің тұғырлы болатынын естерінен шығармау керек дегіміз келеді.
Р.БАЕКЕЕВА,
Ақжарма ауыл
Ақжарма ауыл
Пікір 1