Электр самокаттарына қатысты өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылды

Қазіргі таңда кеңінен қолданысқа ие электр самокаттарының батареялары мен қуат көздері дұрыс пайдаланылмаған жағдайда өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. Осыған байланысты ТЖД мамандары халық көп шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін насихаттады.
Іс-шара барысында тұрғындарға:
- электр самокаттарын тек зауыттық зарядтағышпен зарядтау;
- түнгі уақытта қараусыз қалдырмай қуаттау;
- батареялар қызған жағдайда дереу тоқтату;
- құрылғыны жанғыш заттарға жақын жерлерде сақтамау қажеттігі туралы ескертілді.
Сонымен қатар, жадынамалар таратылып, өрт болған жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне дереу хабарласу керектігі түсіндірілді.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Фото: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті