Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі

Өрт қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі

Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін сақтау – қоғам үшін аса маңызды мәселенің бірі. Өрт оқиғаларының басым бөлігі тұрғындардың салғырттығы мен қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан туындайды. Осыған байланысты Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындар арасында өрттің алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өрттің негізгі себептеріне электр желілерінің ақаулығы, пеш пен газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау, ашық отты абайсыз қолдану, сон­дай-ақ балалардың отпен ойнауы жатады. Әсіресе, жылыту маусымы ке­зінде тұрғын үйлерде өрт қаупі арта түседі. Осы ретте азаматтарға электр құралдарын қараусыз қалдырмау, пеш пен мұржалардың жарамдылығын алдын ала тексеру, газ жабдықтарын тек маман­дарға орнату қажеттігі ескертіледі. Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі осал топтағы отбасылардың үйлеріне түтін датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша жадынамалар таратты. Сонымен қатар, білім беру меке­ме­лерінде, көпқабатты тұрғын үйлерде және халық көп шоғырланатын орындарда профилактикалық кездесулер ұйымдастырылуда.

Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын өз өмірі мен мүл­кінің қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қауіпсіздік талаптарын орындау арқылы біз қайғылы жағдайлардың алдын аламыз.

Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөз

24 ақпан 2026 ж. 71 0