Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ, ЖАМАНДЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ

ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ, ЖАМАНДЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ


Самұрат, Мұрат деген екі ағайынды кісі болыпты. Самұраты тахуа, ешкмге зияны жоқ, намазын еш уақытта қаза қылмаған, құран ашатын кісі болса, Мұраты баукеспе ұры, ешкімге қайыр қылмайтын, еш бір адамға жақсылық істемеген кісі екен. Ағасы үнемі құран ашып інісінің тозаққа баратынын көріп, оған іштей қынжылады екен. Ол інісіне бір күні келіп жақсылық жасап, ұрлық істемей, дұрыс жолға түсіп, ақылға келуін айтады.

Үйіне барып құранды ашып қараса інісі жұмаққа, бұл тозаққа баратын болып өзгеріп кетіпті. Ол дереу інісін шақырып алып, «сен қандай жақсылық жасадың, кімге жақсылық жасадың»,- деп сұрайды. Сонда інісі ешкімге де жақсылық жасаған жоқпын, деп ойланып қалады. Ойланып отырса ол атпен келе жатса бір құмырсқа жоғары қарай шығайын деп өрмелеп келеді де қайта құлап түседі. Осылай бірнеше рет қайталанады. Содан бұл саусағын төсеп, құмырсқаның жоғары шығуына жәрдем береді. Сол кезде қараса құмырсқаның бір аяғы жоқ екен. Содан ол жоғары шыға алмай жатыр екен. Жоғары шыққан құмырсқа бұған ұзақ қарап, алғыс айтқандай кейіп танытады да жөніне кетеді. Сол ғана менің жасаған жақсылығым, басқа ешқандай жақсылық жасаған жоқпын деген екен. Сонда ағасы я Алла Тағала сол істеген жақсылығың үшін сені жұмаққа жіберетін болыпты, мен саған дұрыс жүр деп көлгірсіп ақыл айтқаным үшін тозаққа жіберетін болған екен депті.  
Г.ӘЛЖАНОВА
11 наурыз 2018 ж. 3 542 0