Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

Аудан әкімі орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

Аудан басшысы Берік Сәрменбаев Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме жұмысымен танысып, сала қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында табиғатты қорғау, орман ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды. Аудан басшысы өз сөзінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегін бағалап, ормандарды сақтау және өсіру ісінде олардың атқарып жатқан рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, табиғатты қорғау және қалпына келтіру жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттілігі жөнінде пікір алмасты, сала қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады.

Мекеменің бүгінгі жай-күйі мен материалды-техникалық базасы туралы аудан әкіміне мекеме басшысы Болатбек Ұлтанбекұлы ақпарат берді.

Бүгінде мекемеде 51 қызметкер жұмыс істейді. Биыл Президенттің 2021-2025 жыл аралығындағы 20 пайыз үстемақы қосу туралы жарлығына сәйкес, жалақы көбейген. Мекемеде 11 техника, 2 дана өрт сөндіру автокөлігі және 6 мотоцикл бар.
2024 жылы 1 дана трактор мен 1 дана нива көлігі алынған.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 қаңтар 2025 ж. 63 0