Сексеуілді заңсыз кесудің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сексеуіл ормандарын сақтау, табиғи ресурстарды қорғау және олардың заңсыз пайдаланылуының алдын алу мақсатында аудан аумағында тұрғындармен кездесу өткізілді.Кездесу барысында тұрғындарға сексеуіл ағаштарын заңсыз кесуге, зақымдауға және табиғи ортаға өзге де зиян келтіруге жол берілмейтіні түсіндірілді.
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауаптылық түрлері түсіндіріліп, сексеуіл алқаптарын сақтау – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыттарының бірі екендігі атап өтілді.
Тұрғындарға табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және сексеуілдің заңсыз кесілу фактілері анықталған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға хабарлау қажеттігі жеткізілді.
Аудан прокуратурасы табиғи ресурстарды қорғау және сексеуілдің заңсыз кесілуінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.
Сырдария аудандық прокуратурасы









