Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді?

Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді?

Мұғалімдердің еңбекақысы өсті, жүктемесі азайды. Педагогтерге берілетін әлеуметтік қолдау күшейді. Жаңа мектептер салынып, «Жайлы мектеп» жобасы іске қосылды.

Жас педагогтерді қолдау шаралары артты. Оқу бағдарламаларына жасанды интеллект пен Конституция негіздері енгізілді. Сондай-ақ педагогтердің кәсіби жетістіктері үшін де үстемақыларлар қарастырылған.

Соңғы 7 жылда білім беру саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жаңа мектептер салынып, білім беру инфрақұрылымы жаңаруда.

Кәсіби мереке аясында Президент ұстаздарды құттықтап, білім саласындағы жетістіктерге тоқталды.

Соңғы 7 жылда педагогтерді қолдау бағытында ауқымды өзгерістер жүзеге асып, мұғалімдердің еңбегін бағалау мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық берілді.

Президент ұстаздарды құттықтап, еңбегі еленген педагогтерді марапаттады.

7 жылда білім гранттарына 1,5 трлн теңге бөлінді

Қазақстан үшін адам капиталы қашанда бірінші орында. Сондықтан жастардың біліктілігі мен білімін арттыруға барынша көңіл бөлінген. Соңғы жеті жылда елімізде біршама өзгеріс болды. Жастарға деген қолдау артып, білім беру саласына миллиондаған инвестиция құйылды.

Қазір жастардың еркін білім алуына бар жағдай жасалған. Жаңа жатақханалар салынып, стипендия да өсті. Сондай-ақ елімізде 9 шетелдік университеттің филиалы ашылды. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының 5 филиалы шетелде бой көтерді. Бұл осы бағытта іске асып жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана.
08 қазан 2026 ж. 44 0