Қызылордада үздік мектепке 34 миллион теңге табысталды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мұғалімдер күніне орай педагогтерді төл мерекемен құттықтап, оларға аймақ дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Мерекелік іс-шарада ардагер ұстаз Әлима Әбдіқалықова Қызылорда облысының Құрметті азаматы атанып, «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауының жеңімпазы Ә.Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейге 34 млн. теңге табысталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – маңызды міндет» деп ерекше атап өтті. Бүгінгідей өзгерістерге қадам басқан уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерекше, мәртебесі биік. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 100 млрд. теңгеге 12 300 орындық 21 мектеп салынуда. «Білімді қолдау қоры» есебінен 7,9 млрд. теңгеге физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа оқу жылында Қызылорда қаласындағы 4 іргелі мектептің жанынан қосымша ғимараттар пайдалануға берілсе, «Бәйтерек» шағын ауданы тұрғындары асыға күткен 600 орындық жаңа мектеп бүгін салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне табысталды», – деді Н.Нәлібаев.
Мерекеде Сыр елінің үлгілі ұстаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімінің марапаттарына ие болды. Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернатының мұғалімі Әсемкүл Жақсылықова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталса, педагогтердің бірқатары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті атағын, Құрмет грамотасын, «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломын, облыс әкімінің Алғыс хатын алды.
Салтанатты кеш жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі