Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынды

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынды

Елімізде мемлекеттік қызметшілерге кез келген құмар ойындар мен бәс тігуге қатаң тыйым салынады, ал бұл талапты бұзғандар қызметтен шығарылады.

Заңнамалық шектеулер Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың басшыларына қатысты.

Қандай әрекеттерге тыйым салынады: Казиноға баруға, букмекерлік кеңселерге, интернет арқылы немесе онлайн казиноларда бәс тігуге және ойындарға қатысуға болмайды.

Өзін-өзі шектеу: Жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкерлер белгіленген мерзімде құмар ойындарға қатысуға шектеу қоюы тиіс.Заң талаптарын сақтамай, бәс тіккені немесе ойын ойнағаны анықталған қызметкерлер бірден жұмыстан шығару түріндегі жазаға тартылады.


Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, бұзушылық жасаған тұлғалар мемлекеттік қызметке бір жылдан кейін, ал басшылық лауазымдарға үш жылдан ерте емес мерзімде ғана қайта орналаса алады.

Бір кездері аталарымыз “Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар” деуші еді. Қазір бұл сөзді “ойын ойнаған тозар” деп өзгертсек болатын сияқты.

Мұнда ойын деп – бәс тігіп, құмар ойнап, оңай олжа іздеп жүргендер. Бұл құбылыс лудомания деп аталады. құмар ойындар мен лудоманияға қарсы Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарға және тиісті заңдарға құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар қосылды. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылды. Енді құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайтындардың арасында мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бар. Егер олар заң бұзса, тек ескертумен шектеліп қалмай, бірден жұмыстан шығарылады. Мұндай нақты шаралар заңның мүлітсіз орындалуы үшін керек. Сонымен қатар, букмекерлік кеңселердің жарнамаларына шектеу қойылды. Енді олардың қызметін көлік құралдарында, БАҚ-та, кино-, видео-және анықтамалық қызмет көрсету орындарында жарнамалауға тыйым салынды.

Тек букмекерлік кеңсе орналасқан жердегі сыртқы жарнамаға, спорт ғимараттарының іші мен спортшылардың киімінде, спорттық тақырыпқа маманданған және ресми тіркелген БАҚ-та, сондай-ақ отандық телеарналар халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляция жасаған кезде жарнамалауға рұқсат етіледі.


Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Сурет: ашық дереккөзден

30 қыркүйек 2026 ж. 118 0