Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ардагерлерге медициналық көмек көрсетілді

Ардагерлерге медициналық көмек көрсетілді

«Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен бірге 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында бірқатар ардагердің үйіне барып, медициналық көмек көрсету және кеңес беру іс-шарасына қатысты.

Игі бастама аясында ардагерлердің қан қысымы өлшеніп, денсаулық жағдайына қатысты қажетті кеңес берілді. Сонымен қатар тегін дәрі-дәрмек алу мүмкіндіктері мен саламатты өмір салтын ұстану қағидалары жөнінде ақпарат ұсынылды. Іс-шара барысында ардагерлердің жағдайы мен тұрмыстық қажеттіліктері де назарға алынып, оларға жылы лебіздер айтылды.

Медициналық көмек Тереңөзек кентінің тұрғыны, қазыналы қарт Арыстан Ералиевке, Асылбек Төлегеновке, Ұлжан Ахметоваға көрсетілді. Сырдария аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Азиза Қозбағарова ардагердің денсаулығын жіті тексерді.

– Ардагерлер – елдің өткені мен бүгінін сабақтастырып тұрған қадірлі жандар. Олардың денсаулығына көңіл бөліп, жағдайын сұрап, әрдайым қолдау көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз. «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен бірге өткізіліп отырған бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – ардагерлерге медициналық көмек көрсетумен қатар, оларға деген құрметіміз бен ықыласымызды білдіру. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерлерге медициналық көмек көрсету және кеңес беру бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Мұндай игі бастамалар – аға буынға деген құрметтің нақты көрінісі әрі олардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызды қадамы, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген медициналық көмекке және өздеріне деген ерекше ықыласқа ризашылықтарын білдірді. Олар денсаулық жағдайына қажетті кеңестер алып, көкейдегі сауалдарына жауап алғандарына қуанышты екендерін жеткізді. Сондай-ақ осындай игі бастамалардың аға буын өкілдеріне үлкен қолдау екенін атап өтіп, «Әділет» партиясы аудандық филиалының ұжымына және іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Бүгін арнайы үйімізге келіп, денсаулығымызды тексеріп, қажетті медициналық кеңес берген азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін. Қан қысымымызды өлшеп, денсаулық жағдайымызды сұрап, қандай мәселеге көңіл бөлу керектігін түсіндірді. Осындай қамқорлықтың өзі біз, аға буын үшін үлкен демеу. Жасы ұлғайған адамға ең керегі – көңіл бөлу, жылы сөз айтып, жағдайын сұрау. Бүгінгі іс-шарадан медициналық кеңес алып қана қоймай, өзімізге деген құрмет пен ықыласты сезіндік. Әсіресе дәрігерлердің үйге келіп, денсаулығымызға көңіл бөлгені көңілге қуаныш сыйлады. Елге қызмет етіп жүрген жастарымыздың үлкенге деген құрметі осындай игі істерден көрінеді. Аға буынды ардақтап, денсаулығымызға назар аударып жүрген азаматқа ризашылығымды білдіремін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Осындай ізгі бастама жалғасын таба берсін, – деді еңбек ардагері Арыстан Ералиев.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
29 қыркүйек 2026 ж. 103 0