Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарияларға тегін медициналық қызмет көрсетілді

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарияларға тегін медициналық қызмет көрсетілді

«АMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партияның Сырдария аудандық филиалының және «Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен қарияларға тегін медициналық қызмет көрсетілді.

Игі іс-шараға «АMANAT» партиясының аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық аурухананың дәрігері Мәншүк Сейпулова, медбике Мира Елеукеева қатысты.

Қариялармен жүздесуде партияның жобалары, денсаулық сақтау саласындағы реформалар сөз болды. Сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының түпкі мақсаты аға буын өкілдеріне, тыл және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге құрмет көрсету екені айтылды.

– «АMANAT» партиясы ардагерлерді ардақтау іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл – біздің басты бағытымыз әрі аға буын өкілдері алдындағы міндетіміз. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аға буын өкілдеріне, зейнеткерлерге, еңбек мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетуге бағытталған. Бүгін «Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының қолдауымен қарияларға көшпелі тегін медициналық көмек көрсетілуде. Қан қысымы, дене қызуы өлшеніп, қабылдап жатқан ем-домдарына қатысты кеңес берілді. Ардагерлерге зор денсаулық тілейміз, – деді партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы.

Айта кету керек, тегін көшпелі медициналық көмекпен денсаулық сақтау саласының ардагерлері Сейтхан Дәужанов, Сәпия Өтепова, түрлі салада еңбек еткен еңбек ардагері Әбдуәли Жанбосынов, көлік саласының ардагері Досбол Каримов пен ардагер есепші Жібек Каримова есімді еңбек ардагерлері қамтылды.

– Жасымыз келген соң сырқатымыздың түрі де артты. Ауруханаға баруға кейде шамамыз келмей қалады. Бірақ дәрілерімізді уақытылы қабылдап, күтініп жүрміз. Бүгін үйімізге келіп, көшпелі медициналық кеңес бергендеріңізге рақметімді айтамын. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасына рақмет. Ардагерлердің батасы, тілегі қабыл болып, жұмыстарыңыз жемісті болсын. Мемлекеттің де, партияның да жұмысы нәтижелі болсын, – деді ардагер Сейтхан Дәужанов.

Тегін медициналық қызметпен қамтылған өзге де қариялар партияның жұмысын жоғары бағалап, тілектестігін айтып, ақ баталарын берді.

08 қараша 2024 ж. 90 0