Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлердің денсаулығы жіті бақылауда

Ардагерлердің денсаулығы жіті бақылауда

Сәуір айында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай бір айлық аясында Сырдария аудандық ауруханасының ұжымы ардагерлердің денсаулық жағдайын тексеріп, жекелеген қабылдау жүргізуде.
Өз кезегінде Ақжарма ауылындағы медицина қызметкерлері Ауған соғысы ардагері Әлсейт Достияровқа жан-жақты кеңес берді. Сонымен қатар ардагердің қан қысымын өлшеп, денсаулыққа барынша күтім жасау керектігі айтылды. Бұл ретте, айлық шеңберінде Аманкелді ауылының ақ халатты абзал жандары тыл ардагерлерінің үйіне барып, медициналық көмек көрсетілді.

Ізгілі мол іс-шара аясында ардагерлердің денсаулығына қатысты барлық кеңес беріледі. Денсаулығынан кінәрат анықталған жағдайда ем алу үшін ауруханаға жолдама ұсынылады. Әрине, егде тартқан жандардың денсаулығына байланысты шағым жеткілікті. Мұндай іс-шараның көпшілік үшін берері мол. Алдағы уақытта аталған іс-шара жалғасын табады.


@Сырдария Аудандық Ауруханасы

10 сәуір 2025 ж. 205 0