Жылу беру маусымына дайындықты зерделеді
«Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы білім беру және денсаулық сақтау салаларының жылу беру маусымына дайындығын зерделеп, партиялық бақылау іс-шарасына қатысты.Филиал төрағасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Бақытжанұлымен, бастауыш партия ұйымының төрағаларымен, партия мүшелерімен бірге алдымен аудандық орталық аурухананың жылу беру қазандығын көрді.
Мұнда аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Жұмабаева атқарылған жұмыстар мен дайындық мәселелері туралы ақпарат берді. Мұнан кейін №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектебінде болып, нысанның жылу маусымына дайындығы, жылу жүйелерінің жағдайы және қажетті дайындық жұмыстарының орындалуы назарға алынды.
– Қазіргі таңдағы басты мақсат – жылу беру маусымын сапалы, нәтижелі өткізу. Бұл Үкіметтің де, облыс басшысының да қойып отырған басты талады. Сондықтан осы талап бойынша әр жұмысқа барынша жауапкершілікпен қарау керек. Жылу беру маусымына дайындық – білім беру және денсаулық сақтау нысандарындағы қауіпсіздік пен тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан әрбір әлеуметтік нысанның жылу жүйелерінің дайындығы, қажетті отын қорының жасақталуы және анықталған кемшіліктердің уақытылы жойылуы партиялық бақылауда болады. Жылу беру маусымын еш кедергісіз өткізіп, әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауымыз қажет, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.
Өз кезегінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Бақытжанұлы жылу беру маусымына дайындықты пысықтау үшін барлық елді мекенде бақылау іс-шарасы жүргізілгенін айтты. Бұл мәселе бөлімнің күнделікті қатаң бақылауында екенін жеткізді.
«Тт» ақпарат











