Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығын көрді
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың алдағы жылу маусымына дайындық барысын көрді.Аудан басшысы Тереңөзек кенті, Іңкәрдария, Асқар Тоқмағанбетов, Сәкен Сейфуллин, Қалжан ахун ауылдарындағы әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері мен қазандықтарына, нысандардың жылу маусымына әзірлігі мен техникалық жағдайына назар аударды.
— Алдағы жылу маусымын тұрақты әрі қауіпсіз өткізу үшін дайындық жұмыстары сапалы жүргізілуі қажет. Қазандықтар мен жылу жүйелерінің техникалық жағдайын толық тексеріп, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою керек. Әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығын толық қамтамасыз ету керекпіз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Жауапты сала басшыларына анықталған мәселелерді жою және әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық паспорттарын 1 қыркүекке дейін алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










