Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық барысын тексерді

Әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық барысын тексерді

Сырдария аудандық мәслихатының депутаттары, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан әкімімен және облыстық мәслихат депутаттарымен бірге бірқатар әлеуметтік нысанның жылу маусына дайындық барысын тексерді.

Аралау барысында аудан орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Сырдария спорт клубы КММ-нің және аудандық аурухананың бу қазандықтарының жағдайын көріп, мекеме басшыларымен және жауапты мамандармен тілдесті.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тарапынан мекеме басшыларына жылу маусымына қаншалықты дайын екендіктері және осыған байланысты қандай мәселелер бар екендігі сұралып, жауаптар алынды. Депутаттар тарапынан аудан бойынша газға қосылмаған білім беру ұйымдары, спорт нысандары және денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына қысқа толыққанды дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.

09 қыркүйек 2025 ж. 395 0