Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру мекемелерінің жылу маусымына дайындық барысы тексерілді

Білім беру мекемелерінің жылу маусымына дайындық барысы тексерілді

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру нысандарында жылыту маусымына дайындық барысына мониторинг жұмыстары жасалды.

Мониторинг барысында мектептер мен балабақшалардың жылыту жүйелері, қазандықтардың техникалық жағдайы, көмір мен сұйық отын қоры, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды.

Мониторинг нәтижесінде бірқатар мекемелерде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталғаны анықталды.

Білім бөлімі басшысы Еркебұлан Төлепбергенұлы барлық мекемелерге жылу маусымына толық дайындықты қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Мақсат – оқу процесінің үздіксіз жүруі мен балалардың жылы әрі қауіпсіз ортада білім алуын қамтамасыз ету.

10 қараша 2025 ж. 34 0