Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жастарды туған жерді аялауға шақырды

Президент жастарды туған жерді аялауға шақырды

Құрметті жастар мен еріктілер!

Бүгін бәріміз бірге осы саябақта тал егіп, ортақ парасатты іске атсалыстық. Бұл, шын мәнінде, қоғамымыз бен жалпы еліміз үшін аса қажетті және пайдалы жұмыс. Баршаңызға мемлекет саясатын үнемі қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мен осындай игі іске өз үлесін қосып жүрген жастарды нағыз отаншыл азамат деп санаймын. Себебі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады.
23 қыркүйек 2026 ж. 51 0