Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында өзен жағалауы тазартылды

«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында өзен жағалауы тазартылды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Сырдария өзенінің жағалауы тазартылды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Наурызды Амал мерекесінен бастап, Наурызнама онкүндігі аясында ерекше атап өтудеміз. Онкүндіктің бүгінгі тазару күнінде қоршаған ортаны тазартып, тал егу жұмыстары жүргізілуде. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын сақтауға және оны келешек ұрпаққа аман жеткізуге бағытталған аса маңызды шаралардың бірі. Табиғат – біздің өмір сүру ортамыз ғана емес, ол – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, болашақ ұрпаққа табысталар қасиетті аманат. Сондықтан оны қорғау, таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Біз табиғатты қорғауды тек акциямен шектемей, күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Әрбір тұрғын өз ауласының, көшесінің, туған жерінің тазалығына бейжай қарамауы тиіс. Тазалық – мәдениеттің, жауапкершіліктің және елге деген сүйіспеншіліктің белгісі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Акция аясында ауданымыздағы Сырдария өзенінің жағалауы тазартылып, қоқыстар жиналды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
24 наурыз 2026 ж. 44 0