«Таза Қазақстан» – таза әрекеттен басталады
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында мектебіміздің оқушылары табиғатты қорғау, қоршаған ортаны абаттандыру және еңбекке баулу бағытында игі іске атсалысты.Күзгі ағаш отырғызу жұмыстары барысында оқушылар көшет егіп, оның дұрыс отырғызылуы мен күтім жасау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Бұл – табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, оқушылардың еңбекке жауапкершілігін, экологиялық мәдениетін және жасампаздық қабілетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс.
Іс барысында оқушылар ағаштың қоршаған ортаға пайдасы, көшетті отырғызу ерекшеліктері және оның өсуіне қажетті жағдайлар туралы мағлұмат алып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Бір тал егу – бір болашаққа жол ашу. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – ертеңгі жасыл желекке, таза әрі көрікті ортаға қосылған үлес.
Табиғатты аялау – баршаға ортақ міндет. Таза орта – таза ойдың, таза болашақтың бастауы!
Эльмира ТУРЕТАЕВА,
№132 Т. Айтбаев атындағы орта мектебінің аға тәлімгері
№132 Т. Айтбаев атындағы орта мектебінің аға тәлімгері










