Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖИ: Құрал және мүмкіндік

ЖИ: Құрал және мүмкіндік

Соңғы кезде жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп кеткені сонша, интернеттен көргеніміздің шын екені немесе фейк нәрсе екенін біле алмай қаламыз. Бұл дамудың маңызды бөлігі деп білсек, оның да қоғамға пайдасы мен зияны бар екені анық. ЖИ алғаш өмірімізге келгенде, оның пайдасын көбірек көруге ұмтылдық. Әсіресе медицина мен ғылымда, білім мен өндірісте қолданылып, алғашқы жемісін де бергені қуантады.

Аты айтып тұрғандай жасанды интел­лектіні – компьютерлік технологияның жиынтығы деуге негіз бар. Сондықтан компьютерлік жүйенің басқаруымен пайда болған ЖИ болашақта барлық салаға енуі де мүмкін. Дегенмен мектеп қабырғасынан ЖИ туралы дәріс ала бастаған жас ұрпақтың санасында оның пайдасымен қатар зияны да болатыны туралы түсінік болуы керек.
Алдымен пайдасы туралы айтсақ, кез келген адам оның артықшылығы тез ақпаратты өңдеу мен дәлдік қабілеті бар деген ойға оралады. Мәселен, адам өмірімен күресетін медицина саласына ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беруімен артық. Яғни адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін ЖИ бұл сала үшін үлкен жетістік. Білімде де орны бар ЖИ адамға қажетті бағдарламаны құруға, тапсырма дайындауға көмекші құрал. Ал адам еңбегін алмастыратын ЖИ айналамызға автоматтандыруды алып келді. Өндіріс пен экономикаға серпін берген жасанды интеллект адам еңбегін едәуір жеңілдетуде.

Десек те, ЖИ зиян әкелетін, кері әсер ететінін де ұмытпаған жөн. Компьютерлік жүйенің іске асуымен жұмыс күші де аза­йып, жұмыс орындары қысқаруда. Бұрын адам қолымен жасалатын жұмыс автоматандырылып, қарапайым мамандықтардың орнын ЖИ алмастыруда. Қоғамдық көліктегі кассир мамандығын алсақ, қазір оның орнын жаңа технология басып, қоғамда аталған мамандық жойылып кетті. Бұл елдегі жұмыссыздықтың артуына әкелетін мәселе. Бір ғана мамандық емес, көптеген мамандықтар ЖИ ықпалынан жойылып кетуде.
Иә, адамдарға көмекші құрал болатын ЖИ, яғни оған тәуелділік адамның ойлау қабілетін әлсіретуде. Дайын ақпаратқа сүйеніп қалу, өз бетінше талдау жасауға қабілетсіздік осы ЖИ-дің кесірі. Өз біліміне сүйенбей ЖИ-ге арқа сүйейтін жас жеткіншек білімсіз болу қаупінің алдында тұр.

– Жасанды интеллектіні дұрыс орнымен пайдаланған жөн, әрине. Дегенмен жастарымыз қазір әлсін-әлсін осы жүйеге сүйенгендіктен көп нәрсені өз бетінше атқаруға қабілетсіз болып қала ма деген қауіп бар. Кез келген нәрсені, тіпті қарапайым ас мәзірін ойлабастан интернетке тапсырады. Жастардың осынша тәуелді болып қалуы қорқынышты. Бір сәт интернеті болмай қалса айналамыздағы барлық тіршілік тоқтап қалатындай. Сондықтан адам алдымен білімге, өзінің қабілетіне сену керек. Кейде осы ЖИ арқылы болмағанды болғандай етіп көрсететіндерге қарап қайран қаламын, – дейді кент тұрғыны Г.Әмзеева.

ЖИ шын мәнінде адамның ойына келмейтін нәрсені жасап шығаруға қабілетті. Тіпті, болмағанды түрлендіріп жіберетін бағ­дарлама. Қарапайым мысал, қазір көптің телефонында үстіндегі киіміңнен басап, ішіп-жеп отырғаныңды әсемдеп жіберетін, жасандылық жасап беретін бағдарлама бар. Оны біреу білсе, біреу білмей қалуы мүмкін. Байлықтың ортасында шалқып өмір сүргендей кейіп танытқың келсе осы ЖИ айналаңды гүлдендіріп жібереді. Ал оны көрген жұрт сеніп, шын мәнінде жағдайдың қандай екеніне терең бармай асығыс шешім жасайды. Негізінен, адамның өмірі туралы сөз айту, қате пікір білдірудің жауапкершілігі зор. Ал бір сәттік жасандылықтың соңы үлкен дау дамайға ұласуы мүмкін. Бұл тағы да сол ЖИ жасаған қателіктен келген зиян. Оның соңы заңмен жазаланады. ЖИ арқылы жалған ақпарат тарату – қылмыс.

Қорыта айтқанда, жасанды интеллектіні дұрыс жағына пайдалану үлкен мүмкіндік, әрі қоғам алдындағы жауапкершілік. ЖИ қолдануына байланысты пайдасы мен зиянын бірдей әкеледі. Ғалымдар «ЖИ – құрал» дейді. Оның тиімділігі дұрыс жолда пайдаланауында. Екі жақты әсері бар ЖИ адамзатқа қауіп емес, жетістік пен мүмкіндік әкелсін.

Бибісара ЖАНӘЛІ
Фото: ашық дереккөзден
19 қыркүйек 2026 ж. 72 0