«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.Кент орталығында әрлеу, сырлау-бояу, гүл егу, ағаш көшеттерін отырғызу сынды жұмыстар ауқымды түрде атқарылуда.
Аталған игі шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және өңірдің көркеюіне оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар тазалық жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ерекше мән берілуде.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










