Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЕШКІМ КҮТПЕГЕН ПАЙДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЕШКІМ КҮТПЕГЕН ПАЙДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ


Отбасын құру жүрек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және ерте өліп кету қатерінің алдын алатыны анықталды. Ұлыбританияның Кил университетінің ғалымдары осындай тұжырым жасады.


Бұл туралы MedicalXpress басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Мамандар отбасылық жағдай мен денсаулық арасындағы байланысты анықтау үшін, 1963-2015 жылдар аралығында жүргізілген 34 көлемді зерттеуді талдаған. Зерттеуге 42-77 жас аралығындағы 2 миллионнан астам ерікті қатысты.
Анықталғандай, ешқашан отбасын құрмаған, жесір қалған немесе ажырасқан адамдар жүректің ишемиялық ауруынан және инсульттен жиі көз жұмған. Яғни оларда өлім қатері 42-55 пайызға артқан.
Өз кезегінде ажырасу адамда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму мүмкіндігін 25 пайызға, инсульт қатерін 16 пайызға арттырған екен.
Ғалымдар мұндай көрсеткішті отбасын құрған адамдардың денсаулығына байланысты қиындықтарды ертерек байқап, дәрігердің көмегіне жүгініп, дәріні уақытылы қабылдап, жағдайының және әлеуметтік байланысының жақсы болуымен түсіндірді.
19 маусым 2018 ж. 1 531 0