Ерте өлімге әкелетін өнімдер анықталды
АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары жұмыртқа мен басқа да құрамында холестерині бар өнімдерді жиі қолдану жүрек-қан тамырлары ауруларыны мен ерте өлімге апаратын қаупін анықтады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мамандар 29 615 адамның қатысуымен болған зерттеудің нәтижесіде алынған алты деректерді сараптады. Зерттеуге қатысқан еріктілер алдымен тағамға байланысты сауалнамаларды толтырып, содан кейін олардың денсаулығы 31 жыл бойы бақылауда болған. Белгілі болғандай, күніне 300 миллиграмм тағамдық холестеринді қолдану жүрек-қан тамырлары ауруларының 17 пайызға және ерте өлімді 18 пайызға артырған. Бұл басқа да майлы тағамдары тұтынуға байланысты емес.
Сонымен қатар, аптасына 3-4 жұмыртқа жеу жүрек-қан тамырлары ауруларын 6 пайызға және ерте өлу қаупін 8 пайызға артуына ықпал етеді екен. "Адамдар холестеринге бай азық-түліктерді, соның ішінде жұмыртқа мен қызыл ет өнімдерін тұтынуды азайтуы тиіс",- деп ғалымдар дабыл қағуда.
Дегенмен, зерттеушілер жұмыртқа мен басқа да өнімдерден толық бас тартуды ұсынбайды,себебі оларда маңызды қоректік заттар, оның ішінде алмастырылмайтын амин қышқылдары, темір және холин бар.