Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жаңа жол» республикалық акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

«Жаңа жол» республикалық акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Сырдария ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңа жол» республикалық акциясы аясында бақылауда тұрған азаматтармен профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың заң талаптарын сақтауына ықпал ету, тұрақты жұмыспен қамтылуына және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Акция барысында азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері зерделенді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қоғамда заңға бағынатын өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Сырдария ауданы полиция бөлімі алдағы уақытта да құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
15 шілде 2026 ж. 47 0