Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 14–17 шілде аралығында Сырдария ауданы аумағында «Жалдамалы пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – жалдамалы тұрғын үйлер мен пәтерлерді заң талаптарына сәйкес пайдалануын бақылау, уақытша тұрып жатқан азаматтарды анықтау, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында Сырдария ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеріп, пәтер иелері мен жалға алушыларға қолданыстағы заң талаптарын түсіндіреді. Сонымен қатар тұрғындарды күмәнді тұлғалар немесе құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.

Сырдария ауданы полиция бөлімі аудан тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп атсалысуға шақырады.
15 шілде 2026 ж. 64 0