Пиротехника жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық мемлекеттік кіріс және азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Мереке қарсаңында балалардың жарақаттануына жол бермеу мақсатында барлық білім беру мекемелерінде Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының инспекторлары, Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Өртке қарсы қызмет бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың жолын кесуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.
Барлық анықталған заңбұзушылық фактілері бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Сырдария ауданы Полиция бөлімі