Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№52 газет

14 шілде 2026 ж.

№51 газет

09 шілде 2026 ж.

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Су – тіршілік нәрі: сала мамандарына құрмет көрсетілді

Су – тіршілік нәрі: сала мамандарына құрмет көрсетілді

Шілде айындағы кезекті кәсіби мерекенің бірі су шаруашылығы мамандарына тиесілі. Су – тіршілік көзі болса, дария бойын жағалай қоныстанған аудан үшін судың да, су шаруашылығының да маңызы зор. Сондықтан Сыр-ана мен Жер-анадан ырзық терген аудан халқының сушыларға деген құрметі де ерекше.

Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаевтың төрағалығымен су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік қабылдау өтті. Салтанатты жиынға су шаруашылығы сала­сының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, аталған бағыттың ел өміріндегі стратегиялық маңызына тоқталды:

– «Су – тіршілік нәрі» деген сөз кездейсоқ емес. Әсіресе, ауызсудың адам баласының өмірі үшін маңызы өте зор. Соңғы жылдары ауданда ауызсу инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыс атқарылып, қазіргі таңда аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Қазақстанның соның ішінде өңіріміз су әлеуеті көбінесе көрші елдерден келетін Сырдария өзеніне байланысты. Жалпы, Сыр елінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Өздеріңізге белгілі климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты Сырдария өзеніне жылдан-жылға түсетін су көлемі азаюда. Бірақ күндіз-түні вегетациялық кезеңдерде жұмыс істейтін су мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында фермерлер дақылдарды көп шығынсыз суару кезеңінен өтеді. Сіздер су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етіп келесіздер. Ауданның дамуына еңбек етіп жүрген Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Негізінен, сушылар жұмысының қызатын кезі жаз мезгілі десек, бұл уақыттағы шаруаның егінмен тікелей байланысты екені түсінікті. Десек те, егін уақыты аяқталған соң жұмыс бітеді деген сөз емес. Күз айларында келесі жылы егінге суды кедергісіз жеткізу үшін су жолдарын жөндеу мақсатында күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал қыста дарияға мұз қатады. Жұмыстың ауыры сол кезде басталады. Қыс бойы мұздың жарылуы немесе басқа апаттық жағдайларды болдырмау үшін сала мамандары күндіз-түні бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізеді.

Бұл ретте су шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкер мен сала ардагерлері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Жиын соңында сала ардагерлері сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: ашық дереккөз
14 шілде 2026 ж. 119 0