Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаевтың төрағалығымен Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік қабылдау өтті. Салтанатты жиынға су шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары аталған бағыттың ел өміріндегі стратегиялық маңызына тоқталды:

– «Су – тіршілік нәрі» деген сөз кездейсоқ емес. Әсіресе, ауыз судың адам баласының өмірі үшін маңызы өте зор. Соңғы жылдары ауданда ауыз су инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазақстанның соның ішінде өңіріміз су әлеуеті көбінесе көрші елдерден келетін Сырдария өзеніне байланысты. Жалпы, Сыр елінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Өздеріңізге белгілі климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты Сырдария өзеніне жылдан-жылға түсетін су көлемі азаюда. Бірақ күндіз-түні вегетациялық кезеңдерде жұмыс істейтін су мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында фермерлер дақылдарды көп шығынсыз суару кезеңінен өтеді. Сіздер су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етіп келесіздер. Ауданның дамуына еңбек етіп жүрген Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін! – деді Талғат Мейрамханұлы.

Сонымен қатар, су шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жиын соңында сала ардагерлері сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 шілде 2026 ж. 60 0