Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сәулеті келіскен шаһар

Сәулеті келіскен шаһар

Сәулеті келіскен, келбеті айшықты Астана аз ғана уақыт ішінде Есілдің жағасында бой көтерген, тәуелсіз еліміздің еңсесін айшықтайтын, заманауи мегаполиске айналды. Осы күні елорда – мемлекеттік басқарудың ғана емес, ғылымның, білімнің, инновацияның және халықаралық ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналды.

Елорданың сәулеттік келбеті ұлттық нақыш пен заманауи архитектураның үйлесімді сабақ­тас­тығымен ерекшеленеді. Көрікті ғимарат, кең даңғыл, жасыл аймақ пен жаңа аудан қаланың жылдан-жылға қарқынды дамып ке­ле жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда Астана халқының саны 1,6 миллионнан асып, қала еліміздегі ең қарқынды өсіп жатқан өңірлердің біріне айналды.

Елорда – елдің жүрегі. Ал жүрегі соққан елдің де өмірі тоқтаусыз дамып, жаңарып, өркендей беретіні анық. Қазақ халқының тәуел­сіздік тарихында ерекше орын алатын Астана – азаттықтың айқын айғағы, мемлекеттіліктің мәңгілік символы. Бүгінде Арқа төсінде бой көтерген әсем шаһар күллі Орталық Азияның саяси, экономикалық, мәдени және халықаралық байланыс орталығына айналды. Тәуелсіз Қазақстанның қолымен тұрғызылған тұңғыш мегажоба – ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің де орталығына айналды.

Қаланың қарқынды дамуы экономикаға да серпін берді. Инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, цифрлық технология­ны енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау бағытында ауқымды жұмыс жүзеге асырылуда. Инфрақұрылымның жыл сайын жаңаруы тұр­ғын­дардың өмір сапасын жақсартып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға ықпал етуде.

Астана – тек сәулетті қала ретінде ерек­шеленеді. Еліміздің бас шаһары – бірлік пен татулықтың мекені. Қазақстанның түкпір-түк­пірінен келген түрлі ұлт пен ұлыс өкілі осында бір шаңырақ астында еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қосуда. Бұл – халқымыздың ынтымағы мен татулығының нақты көрінісі.

Уақыт өткен сайын Астананың ажары артып, әлеуеті күшейіп келеді. Жаңадан бой көтер­­ген тұрғын үй кешендері, заманауи әлеу­­меттік нысандар, көркейген саябақтар мен гүлзарлар қаланың келбетін айшықтай түсу­де. Елорда бүгінде халықаралық рейтингте қауіп­сіздігі, инфрақұрылымы және өмір сүруге қолайлылығы жағынан жоғары бағалануда.

Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан реформа мен ауқымды жобаның басым бөлігі осы елордадан бастау алады. Сондықтан Астана – жаңашылдықтың, жасампаздықтың және жарқын болашақтың қаласы.

Елдің өткені мен бүгіні, ертеңі тоғысқан қасиетті шаһар – әрбір қазақстандықтың мақ­танышы. Ел халқының асқақ арманының орын­далғанының дәлелі, тәуелсіздіктің тұғыры, ел­діктің еңселі белгісі болған оның бүгінгі кел­беті – ел бірлігінің, еңбекқорлығының және жасампаз рухының жемісі.

Елдігімізді айшықтайтын елорданың мәрте­бесі қашанда биік. Бүгінде Астана қаласының халқы елорданың дамып, өркендеуіне зор үлес қосуда. Бас қаланың сымбаты мен айшықты келбеті күн санап көз сүйсінерлік кейіпке енуде.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
04 шілде 2026 ж. 114 0