Аудан әкімінің Астана күнімен құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің бас қаласының құрметіне белгіленген бұл мереке әрбіріміз үшін ерекше ыстық.
Астана – Азаттық пен Тәуелсіздіктің символы, елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының бастауы. Бүгінде еліміздің бас қаласы – әлемдегі ең жас елорданың қатарында. Бұл шаһар көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартып, аз уақыт ішінде ірі халықаралық іс-шаралар мен маңызды оқиғалар өтетін орталыққа айналды. Бас қаланың сәулет өрнектерінде және бейбітшілік сүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойғы дәстүрлері өрілген шығыс пен батыстың, қазақ халқының мәдени және рухани байлығы үйлесім тапқан.
Сондықтан да сәні мен сәулеті жарасқан елордаға «Бейбітшілік пен келісім қаласы» атағы берілді.
Ардақты ағайын!
Баршаңызды жарқын мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.
Елордамыз халқымыздың берекелі бірлігінің, еліміздегі бейбітшілік мен келісімнің белгісі бола берсін!
Астанамыз гүлденіп, өркендей берсін!
Құрметпен, Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі