Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы –шағын мемлекет

Отбасы –шағын мемлекет

«Қазіргі таңда отбасы тұрмыстық қарым қатынастар саласындағы зорлық зомбылықтың алдын алу мәселесі маңызды рөлге ие. Отбасындағы жанжалдар ұрыс керістен, қызғаныштан, ішімдікке құмарлықтан пайда болады. Көбінесе азаматтар отбасы үшін ең басты жауапты адам екенін ұмытып кетіп жатады.

«Отан отбасынан басталады» деген қазақтың тамаша тағылымды мақалы бар. Расында отанымыздың іргесінің берік, шаңырағының биік болуы әрбір отбасындағы татулық пен тыныштыққа байланысты. Махаббат пен сыйластық салтанат құрған жанұяда әркім өз міндетіне жауаптылықпен қарайды. Әке қамқор, ана мейірбан, бала бақытты. Өкінішке орай, мемлекеттегі барлық отбасы қамқорлықтың не екенін сезініп, жанашырлықтың қандай болатынын біле бермейді. Керісінше, отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып, кімнен көмек сұрарын білмей шарасыз жағдайда күн кешіп жатқандар аз емес. Тіпті, отбасындағы ұрыс-жанжалға, әкенің ұрып-соғуына әбден үйренген әйел-балалар зорлық-зомбылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай тұрмыстық зорлықтың құрбанына көбінесе әлеуметтік аз қамтылған топтар қартайған ата-ана, әйелдер мен балалар душар болады.

2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.

Атап өтетіні денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық болып саналса, еңгізілген өзгерістерден соң қылмыстық құқық бұзушылықтары ретінде бағаланады, ал денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру қылмыстары үшін жауаптылық қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалынған зорлық-зомбылық әрекеттері үшін кешірім жоқ.

Яғни, кез келген адам ар-намысына кір келтіретін жаза шекпеуі тиіс дей келе, Отбасы- шағын мемлекет! Оның тыныштығын сақтау маңызды екенін түсінгені жөн.


Нұрхан ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ,
Сырдария аудандық сотының әкімші басшысы
Фото: ашық дереккөз
25 маусым 2026 ж. 37 0