Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Мемлекеттік тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті.

Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру қажет.
Жүсіп Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту өзін қазақпын деп санайтындардың ғана емес, жалпы Қазақстан топырағында тұратын азамат атаулыға, бәріміз үшін мәртебелі міндет.

Жыл сайын мемлекеттік тілді қолдану ауқымы кеңейіп келе жатқаны анық. Себебі оның дамуы қашанда уақыт пен төзімділікті қажет етеді.
Мағжан Жұмабаев : «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттық тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген екен. Сондықтан, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекеттік тілді дамыту үшін, бір-бірімізге ала болмай,түгел бола білсек, көздеген мақсатқа тездетіп жетуге болатынына сенімдімін.

Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетінің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, тіл мәдениетін көтеру ортақ парыз. Алайда, бұл өзге тілдерге көлеңке түсірмеуі тиіс. Өйткені, басқа тілдерді де дамытуға мемлекет шектеу қоймайды. Мұның барлығы тиісті заңда көрініс тапқан.

Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.

Дархан АРЫСТАНБЕКҰЛЫ,
Сырдария аудандық сотының жетекші маманы
Фото: ашық дереккөз
25 маусым 2026 ж. 40 0