Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы басталды

«Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы басталды

Елімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы басталды. Биыл жиырма бірінші мәрте ұйымдастырылып отырған жоба Сырдария ауданында да қарқын алды. Күнделікті аудан жастары табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларға белсене қатысуда. Жастардың жазғы еңбек демалысын тиімді пайдалануға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және аймақты абаттандыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіретін мекеме ретінде «QADAM QARMAQSHY» қоғамдық бірлестігі бекітілген. Бұл ретте, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде «QADAM QARMAQSHY» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Гүлжазира Махановамен шағын сұхбат жүргіздік.

– Гүлжазира Бекетқызы, Сырдария ауданы бо­йынша биыл «Жасыл ел» жасағына қанша бала қамтылады?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірі­мізде табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және жастарды еңбекке баулу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы маңызды бас­таманы қолдау мақсатында биыл облыс көлемінде «Жасыл ел» еңбек жасағына 1200-ден астам жас тартылуы жоспарланған. Оның ішінде Сырдария ауданы бойынша үш айда 110 жас маусымдық еңбек жасағында жұмыс жасайды деп жоспарлануда. Жоба облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып келеді. Ал, аудан көлеміндегі жұмыстарды ұйымдастыруда «Qadam Qarmaqshy» қоғамдық бірлестігі серіктес ретінде белсенді қызмет атқаруда. Жалпы, «Жасыл ел» – жас­тарды еңбекке тәрбиелейтін, туған жерге жанашырлық пен жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды жоба. Бүгінде аудан жастары елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бағытында белсенді еңбек етуде.

– Маусым айында неше бала жұмыс жасауда?

– Қазіргі таңда маусым айында Сырдария ауданы бойын­ша «Жасыл ел» еңбек жасағында 30 жас еңбек етуде. Жастар аудан орталығы мен елді мекендердегі қоғамдық орындарды тазалау, ағаш көшеттерін күтіп-баптау, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. Бұл – бір жағынан жастардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан олардың еңбекке деген құрметін қалыптастырып, экологиялық мәдениетті нығайтуға септігін тигізуде.


– Аудан көлемінде қандай мекеме «Жасыл ел» жасағы жұмысын үйлестіреді?

– Сырдария ауданында «Жасыл ел» еңбек жаса­ғының жұмысын үйлестіру үшін «Тареңөзек тазалығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК мекемесімен келісімшарт жасалды. Аталған мекеме жас­тарды жұмыспен қамту, еңбек маусымын ұйымдастыру, қауіп­сіздік талаптарын түсіндіру және еңбек процесін жүйелеу бағытында тұрақты жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар жастардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмай келеді.

– Аудан жастары «Жасыл ел» жасағында жұмыс жасау үшін қай мекемеге барып тіркеледі?

– «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысуға ниетті аудан жастары «Руханият орталығындағы» Сырдария аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесіне немесе «Qadam Qarmaqshy» қоғамдық бірлестігінің кеңсесіне барып тіркеле алады. Сонымен қатар қажетті ақпараттарды әлеуметтік желілерден де алуға болады: Instagram парақ­шасы «jasylel.qyzylorda», Facebook парақшасы «Jasyl El Qyzylorda» ресми парақшалары арқылы толық мәліметпен танысуға мүмкіндік қарастырылған. Жобаға қатысу үшін жастар тиісті құжаттарын өткізіп, арнайы тіркеуден өтеді. Жалпы «Жасыл ел» – жастарды еңбек­ке баулып қана қоймай, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға үндейтін маңызды экологиялық әрі әлеуметтік жоба.

Сұхбаттасқан
Б.АЯБЕКҰЛЫ
09 маусым 2026 ж. 46 0