Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсенді жұмыс атқаруда

«Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсенді жұмыс атқаруда

2025 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Сырдария ауданында жастардың еңбек маусымы жалғасуда. Тамыз айында бағдарлама бойынша 28 жас уақытша жұмыспен қамтылып, бөлінген кестеге сәйкес еңбек етуде. Жалпы үш кезеңде 110 жас жұмысқа тартылды.

«Жасыл ел» жасағының жастары ауданның көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып қана қоймай, түрлі әлеуметтік және қайырымдылық шараларына да атсалысуда. Олар қарт кісілер мен жалғызбасты аналарға қолдау көрсетіп, мешіт аумағында және мәдени нысандарда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталған игі істер жастардың еңбекқорлығын, жауапкершілігін және қоғам алдындағы азаматтық борышын айқын көрсетіп отыр. «Жасыл ел» бағдарламасы аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, олардың патриоттық рухын көтеруге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етуде.

28 тамыз 2025 ж. 101 0