Таза бейсенбі: Сырдариялық аманаттықтар экологиялық акцияға үлес қосты

Сырдария ауданында өткен акцияға аманаттықтармен қатар «Тереңөзек тазалы» коммуналдық мекемесі ұжымы да арнайы техникаларын қосып көмек көрсетті.
Акция шеңберінде Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі А.Иманов, Жеңістің 50 жылдығы, Н.Ілиясов, Р.Алшынаев көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық өзіміз үшін қажет. «AMANAT» партиясы тарапынан жергілікті әкімдікке қарасты барлық ұйым, мекемелермен бірге тазалық жұмыстары апта сайын жүргізіліп келеді. Тазалыққа үндейтін, ұрандар да азаматтар көп шоғырланған жерлерге жазылуда. Бұл жұмыстардың барлығы табиғатқа жанашырлықпен қарау, туған өлкеміздің экологиялық ахуалын сақтауға бағытталуда. Тазалық, жақсы тазартылған емес, оны сақтай білген жерде болады»,- демей ме?Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жерлестерді акцияның тазалық мәдениетін сақтау сынды негізгі мақсатына жетуіне үлес қосуға шақырамын», -деді партияның Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30-дан астам адам қатысып, екі арнайы техника тартылды. Нәтижесінде көше бойындағы ағаш түптері әктеліп, аялдамалар мен көрнекі белгілер жуылды. Қураған шөптер шабылып, қоқыстан тазартылды.