Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырға толы саяхат

Сырға толы саяхат


Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қоры аймағымыздағы тарихи орындарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жүрген «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық экскурсиясын жалғастыруда.
Бұл жолғы саяхат Жаңақорған ауданында орналасқан Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қаласынан бастау алды. Тарихы терең, киелі мекенге табандары тиген балалар көне қала туралы тың дерктерме бөлісті. Сығанақтың сырын ашуға жұмыла кіріскен археологтармен тілдесіп, қазба жұмыстары туралы сұрап-білді. Мамандардың айтуынша, қазір Сығанақ қаласының кірер қақпасын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Жас саяхатшылар одан әрі Шиелі ауданында орналасқан Оқшы ата кесенесіне барды. Қасиетті орынның таңғажайып құпиыларын қорым шырақшысы кенңінен баяндады. Аталмыш қорымда бүгінде Асан қайғы, Оқшы ата, Ғайып ата, Қыш ата секілді әруақты кісілер жерленген. Қорым шырақшысы оқушыларға әрбір бабаның есімдерінің сырын ашып, тың, қызықты ақпараттарымен бөлісті.
Балалар киелі мекеннен керемет көңіл-күйде қайтты. Айта кетейік, аталмыш саяхат аясында бүгінде арнайы видеоблог әзірленуде. Алдағы уақытта туған өлке тарихындағы маңызды тарихи-мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа таныту мақсатындағы осындай тарихи-танымдық саяхаттар жалғасын таба бермек.

М.Қожахметова,
облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының маманы


05 шілде 2018 ж. 1 498 0