Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық мұра: Мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетті

Ұлттық мұра: Мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетті

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында ауданда мәдени-көпшілік, рухани-танымдық іс-шаралар өткізіп келеді. «Мәдениет» бас­тауыш партия ұйымына топтасқан сала өкілдері партиялық жобаларды жүзеге асыруға лайықты үлес қосуда. Осы ретте «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесі аясында партия қабырғасында салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Мерекелік қабылдауға ҚР Мә­дениет саласының үздігі, Сырдария ауданының Құрметті азаматы атанған Сансызбай Сәдуақасов, Жантемір Айсин, саналы ғұмырын ауданның өнерін өрістетіп, мәдениетінің мерейін үстем етуге арнаған сала майталмандары Ханшайым Ерғалиева, Әлия Аманбаев бастаған өнер, мәдениет са­ласының өкілдері құрметпен шақырылды. «AMANAT» партиясы Сырдария ау­дандық филиалының атқарушы хат­шысы Ақтөре Ибрагимұлы сала арда­герлері мен мамандарды мерекемен құттықтап, шығармашылық сәттілік пен өрлеу тіледі.
– Мәдениет – ұлттың мәйегі. Өнер – халықтың қазынасы, баға жетпес құндылығы. Мемлекет басшысының халықшыл бастамалары аясында елімізде, өңірімізде мәдениет және өнер саласы да өркендеп келеді. Ұлтымыздың «Өнерліден өнеге ал, таланттыдан тәлім ал» деуі бекер емес. Себебі өнер – он іспен тең, өнерпаз – он кісімен тең деген баға бар. Сондықтан Сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, өнегелі өмір жолдарыңызды үлгі тұтамыз. Ауданның өнерін өрістетіп, мәде­ниетінің мерейін үстем етуге бағытталған жұмыстарыңызға сәттілік пен шығармашылық өрлеу тілейміз! Төл мерекелеріңіздің қуанышы аспандасын, тамаша жетістікпен келген табыстар таусылмасын! Мәдениет және өнер майталмандарына шалқар шабыт, мықты денсаулық тілейміз! «AMANAT» партиясы Сіздерді қай кезде де қолдайды, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Салтанатты басқосуда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, «AMANAT» пар­тиясының мүшесі Анар Қалдыбаева сала ардагерлері мен әріптестерін мерекемен құттықтады.

– Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ал өнер – халықтың жүрек үні. Сіздер ұлттық құндылықтарды ұлықтап, руханиятымызды байытып келесіздер. Халықтың рухани дамуына қосып жүрген өлшеусіз еңбектеріңіз бен шығар­машылық ізденістеріңіз әрдайым зор құрметке лайық. Өнер мен мәде­ниетке деген адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін. Шығармашылық табыс, шабыт, толағай жетістіктер, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!, – деді бөлім басшысы.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет сала­сының үздігі, Сырдария ауданының құрметті азаматы атанған Сансызбай Сәдуақасов пен Жантемір Айсин бастаған сала өкілдері сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. «AMANAT» партиясының халықшыл бастамаларының жемісті болуына тілектес екендіктерін айтты. Қабыл­дауда сала майталмандарына Құттықтау және естелік сыйлық берілді.

«Тт» ақпарат
26 мамыр 2026 ж. 55 0