Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер иелеріне айрықша ілтипат

Өнер иелеріне айрықша ілтипат

Жақында мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесінде «Өнер құдіреті – мәңгілік» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мәдениет саласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.

Аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шара басталмас бұрын жиналған қауымға ауданның өнер иелерінің жетістіктерін насихаттайтын арнайы көрме ұсынылды. Көрмеге мәдени-көпшілік іс-шаралар мен концерттік бағдарламалардан фото­сурет­тер, өнер ұжымдарының шығар­машылық жұмыстары және сала мамандарының әр жылдары алған марапаттары қойы­лып, қонақ­тар мәдениет қыз­мет­кер­лерінің еңбек­терімен кеңінен танысты.

Іс-шара барысында аудан басшысы мәдениет пен өнер саласы қыз­меткерлерін кәсіби мерекелерімен құт­тық­тап, сала мамандарының ел руханиятын дамытудағы елеулі еңбегіне тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз» деп мәдениет пен өнердің қоғамдағы орнына ерекше баға берген болатын. Шын мәнінде, мәдениет – ұлттың жаны, ал өнер – халықтың асыл қазынасы. Бүгінде Сыр өңірінде мәдениет пен руханият­ты дамыту бағытында ауқымды жұмыс­тар жүзеге асырылуда. Барлық ауданда «Руханият» орталықтары бой көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріп­тейтін маңызды орталықтарға ай­налуда. «Анаға тағзым» орталығы, «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, облыс­тық тарихи-өлкетану музейі мен «Достық үйі» ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, симфониялық оркестр, инклюзивті театр, жастар теат­ры, заманауи би және хор ұжымдары құрылып, Жыраулар үйі ашылды. Өнер және мәдениет өкілдеріне арналған «Тұран» сыйлығының табысталуы да шығар­машылық иелеріне көрсетілген зор қолдаудың айқын көрінісі. Президент тапсырмасына сәйкес өңірімізде жаңа драма театры мен Президенттік кітап­хананың құрылысы жүргізілуде. Бұл – ел руханиятын дамытуға, мәде­ниет пен өнердің көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды бас­тамалар. Ұлт руханияты жолында аянбай еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлеріне аудан жұртшылығы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Шығармашылық табыс, шалқар шабыт және толағай жетістіктер тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Бұл ретте мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар сала қызметкерлері облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен, облыс әкімінің орынбасарының және «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен марапатталды. Мәдениет саласында ұзақ жыл абыройлы еңбек етіп, руханиятты дамыту жолындағы жемісті қызметтері үшін бірқатар азаматқа «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіп­тік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі және аудан әкімінің «Мәдениет жанашыры» төс­белгісі табысталды.

Өз кезегінде аудан басшысы биыл мерейлі 75 жасқа келген, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің және Мәдениет саласының үздігі, Сыр­дария ауданының Құрметті азаматы, Қызылорда облысы әкімінің «Тұран» сыйлығының иегері Сансызбай Сәдуақасовқа құрмет көрсетті. Ардақты азаматқа ауданның ең жоға­ры марапаты табысталып, иығына шапан жабылды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаз­дарының қатысуымен ұйымдас­ты­рыл­ған концерттік бағдарламаға ұла­сып, көрермендерге көтеріңкі кө­ңіл-күй сыйлады.


Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
26 мамыр 2026 ж. 52 0