Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУЫ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУЫ КЕРЕК


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жарыққа шыққан "Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары" атты жинақ бүгін Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері арасында талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауыл әкімі Н.Қарсақбаев жинақтың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметші қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта өзгелерге үлгі көрсетуі керек екенін жеткізді. Сонымен бірге, аталған жинақпен ауыл әкімі аппаратының әрбір қызметкері танысу қажеттігін айтты. Жиын барысында ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері жинақ туралы өз ойларын айтып, пікір алмасты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
19 наурыз 2018 ж. 1 212 0