Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитарлық тазалықтың жай-күйі таразыланды

Санитарлық тазалықтың жай-күйі таразыланды

Бүгінде еліміз бойын­ша Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, санитарлық тазалық жұмыстарына ден қойды. Бақылау барысында олардың айналасының тазалығы мен техникалық жай-күйіне назар аударылды.

Ең алдымен аудан басшысы «Жалын» сауық­тыру лагерінің жазғы тынығу маусымына дайындығын көрді. Қазіргі таңда лагерь аумағында ағым­дағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттар жөнделіп, инже­­нерлік желілер жаңартылуда. Балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Демалыс орындарының ішкі және сырт­қы келбеті талаптарға сай ретке келтірілуде.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып, халық қалау­лысы Алмас Есназар, «Жалын» сауықтыру лагерінің директоры Әділбек Бәйменов аудан басшысына жаз мезгілінде қауіпсіз орта қалыптастыра отырып, әрбір ауысымның сапалы әрі қызықты өтуі қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Бұдан кейін аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы аудан көлеміндегі бір­қатар әлеуметтік нысанның жай-күйімен танысты. Аудан басшысы мекеме аумақтарын таза ұстау, абаттандыру, көгалдандыру және мекеме сыртының келбетін ұдайы күтіп ұстау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

– Санитарлық тазалық – баршамызға ортақ міндет. Тазалық жұмыстары тек сен­білік­термен шектелмей, күнделікті әдетке айналуы тиіс. Әрбір мекеме өз аумағын ғана емес, ғимараттың сыртқы келбеті мен жай-күйін де талапқа сай күтіп ұстауы қажет. Бүгін аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, санитарлық жағдайымен және жалпы жұмыс барысымен таныстым. Атап айтқанда, халыққа қызмет көрсететін мекемелердің тазалығы, ішкі және сыртқы санитарлық талаптарға сәй­кестігі бақылауға алынды. Әлеу­меттік нысандардың санитарлық жағдайы – тек мекеме жұмысының көрсеткіші ғана емес, ол ең алдымен тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар үнемі назарда болуы тиіс. Бұл ретте «Жалын» сауықтыру лагерінің жазғы маусымға дайындығы сараланып, ең бастысы сапаға аса мән берілу қажеттігі тиісті сала басшыларына айтылды, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан басшысы балалардың қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету мәсе­ле­леріне ерекше назар аударып, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, тынығу маусымына толық дайын болу керектігін атап өтті. Лагерь аумағында санитарлық тазалықтың сақталуы басты назарда болуы қажет екеніне тоқталып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әлеуметтік нысандардың айналасын абаттандыру жұмыстарына да ерекше мән берілді.


Б.АЯБЕКҰЛЫ
05 мамыр 2026 ж. 47 0