Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Экологиялық акция қарқын алды

Экологиялық акция қарқын алды

Әр аптаның сенбісінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүзеге асып, ауданға қарасты Терең­өзек кенті мен барлық елді мекенде тазалық жұмысы жүргізілуде. Өткен аптада аудан әкімі Берік Сәрменбаев жалпыхалықтық сенбіліктің өткізілу барысын көріп, республикалық акцияға үлес қосты.

Аудан басшысы Тереңөзек кен­ті бойынша жүргізіліп жат­қан сенбілік барысында аудан тұр­ғындарына тазалық бар­лық азамат үшін басты орында екенін жеткізді.

– «Таза Қазақстан» эко­ло­гиялық акциясы – жалпы­­ха­лық­­тық сенбілікпен шек­­­­­­­­тел­­мейді. Айналаны күл-қоқыс­тан тазарта отырып, жергілікті халықты қор­шаған ортаны ластамауға шақыруы­мыз керек. Баршамыз көркейту-көгалдандыруға айрықша мән беріп, Тереңөзек кенті бойынша көшелердің тазалығына тиісті мекеме мамандары жауапкершілік танытқаны жөн. Аудан тұрғындарын абаттандыру іс-шараларына белсене қатысуға және таза­лық сақтауға шақырамын, – деді аудан басшысы.

Өз кезегінде аудан басшысы «Жалын» жазғы сауықтыру лагерінің қорытынды дайындық жұмыс­тарымен танысты. Сенбіліктен Тереңөзек кентінен сайланған халық қалаулылары да қалыс қалмады. Аудан көлемінде бөлініске сай сенбілік алдағы уақытта тұрақты жалғасын табады.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
03 маусым 2025 ж. 390 0