Байыппен жұмыс жасайтын Бағжан
Расында, аудандық емхананың маңызды салаларының бірі – статистикалық құрылым. Осы салада 11 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан маман Бағжан Оңғарова Тереңөзекке іргелес орналасқан Сәкен Сейфуллин ауылында дүниеге келген. Қызылорда медицина колледжінде білім алған білікті маман еңбек жолын «Гинекология» бөлімшесінде бастаған.Кейіннен емхананың «Ұйымдастырушылық-әдістемелік» бөлімшесіне медстатист қызметіне ауысып, есеп-қисаптың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибелі маман қатарына қосылды.
Медициналық статист маманының еңбегі көп жағдайда көзге көріне бермейді. Бірақ дәл осы тыныш еңбектің арқасында денсаулық сақтау саласының тынысы айқындалып, әрбір істің бағыты белгіленеді. Мен үшін әрбір сан – жай көрсеткіш емес, ол нақты өмірдің көрінісі, адам денсаулығының айғағы.
Күн сайын жиналған мәліметтерді саралап, олардың арасынан маңызды үрдістерді байқау – үлкен жауапкершілік. Себебі дұрыс талданған дерек қана нақты шешім қабылдауға жол ашады. Осы тұрғыда өз жұмысымда мұқияттылық пен дәлдікті басты орынға қоямын. Әр есептің артында үлкен еңбек пен сенім тұрғанын сезіну – мені алға жетелейді.
Әріптестеріммен бірлесе отырып, ортақ мақсатқа қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Біз бір жүйенің бөлшегі ретінде халық денсаулығын жақсартуға үлес қосамыз. Сондықтан күнделікті еңбегімде адалдық пен кәсібилікті ұстанып, өз ісіме деген жауапкершілікті жоғары деңгейде сақтауға тырысамын.
Медициналық статистика – үнсіз сөйлейтін сала. Ал сол үнді дұрыс жеткізу – біздің міндетіміз, – деді Бағжан Замаддинқызы.










